12
ноябрь
2018
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Валерий Чкалов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ
Жамбыл ауданы əкімдігінің
«9» ақпан 2018 жылғы
№ 60 қаулысымен бекітілген
№ 20қосымша
Приложение № 20
Утвержден постановлением Акимата Жамбылского района №60
от «9» февраля 2018 года
УСТАВ
Коммунального государственного учреждения
«Средняя школа имени Валерия Чкалова»
отдела образования акимата Жамбылского района
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің
«Валерий Чкалов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
1. Жалпы ережелер
1.1.Заңды тұлға мәртебесі бар Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Валерий Чкалов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Мемлекеттік мекеме) Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 9 ақпандағы №60 қаулысының №20 қосымшасымен бекітілген Жарғыға көше атауының ауыстырылуы және өзгерістер мен толықтыруларға байланысты тіркелуден өтеді.
1.2. Заңды тұлға мәртебесі бар Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Валерий Чкалов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім беру қызметін жүзеге асырады.
1.3. Мемлекеттік мекеменің түрі: жалпы орта білім беретін мектеп.
1.4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы: «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы əкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
1.5. Мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы: «Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
1.6. Заңды тұлғаның атауы: Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Валерий Чкалов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1.7. Мемлекеттік мекеменің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылы, «Болашақ» көшесі №10. Пошталық индексі: 080209
2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мəртебесі
2.1. Типі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі білім беру және жалпы орта білім беру ұйымы.
2.2. Түрі – мектепке дейінгі шағын орталығы бар жалпы орта білім беру мектебі.
2.3. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген жəне мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
2.4. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы бола алмайды.
2.5. Мекеме білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия негізінде әрекет етеді. Өз қызметінде Мекеме Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Жарғыны басшылыққа алады.
3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мəні мен міндеттері
3.1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мəні: білім беру жүйесінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі білім беру және жалпы орта білім беруді ұйымдастыру.
3.2. Мемлекеттік мекеменің міндеттері:
1) ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш – куат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой -өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отанын-Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рəміздерді құрметтеуге, халық дəстүрлерін қастерлеуге тəрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстамы бар жеке адамды тəрбиелеу, қоғамдық өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру болып табылады.
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау болып табылады.
4. Мемлекеттік мекемені басқару
4.1. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды «Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
4.2 Мемлекеттік мекеменің басшысы мекеменің жұмысын ұйымдастырып, оған басшылық жасайды, тікелей уәкілетті органға қарайды және мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға жауапты.
4.3. Мекеме басшысы дара басшылық қағидатында әрекет етеді және Мекеме қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сүйеніп, осы Жарғымен анықталатын өз құзыры негізінде шешеді.
4.4. "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 512 бұйрығына сәйкес педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді, жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
4.5. Мекеме басшысы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға міндетті және сол үшін жеке жауапкершілікте болады.
4.6. Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тəртіппен:
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз əрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды жəне жұмыстан босатады;
6) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес көтермелеу шараларын қолданады жəне оларды жазалайды;
7) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды.
4.7. Мемлекеттік мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Білім алушылармен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтарымен бостандығын бұзғаны;
2) Өзінің құзыретіне жатқызылған міндеттерді орындамағаны;
3) Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;
4) Тәрбиеленушілердің, білім алушылардың және білім беру ұйымы қызметкерлерінің оқу-тәрбие үрдісі кезінде өмірі мен денсаулығына;
5) Нормативтік-құқықтық актілерді және еңбек келісімі шартында көзделген өзге де тәртіп бұзушылықтарына жауап береді.
5. Іске асырылатын білім беру бағдарламалары
5.1. Іске асырылатын жалпы білім беру бағдарламалар: үлгілік және жұмыстық болып бөлінеді.
Үлгілік оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.
Жұмыстық оқу бағдарламалары тиісті үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді.
5.2. Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына қарай мынадай оқу бағдарламаларына:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
2) бастауыш білім беру;
3) негізгі орта білім беру;
4) жалпы орта білім беру болып бөлінеді.
5.3.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы принциптерін ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді;
5.4. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке қабілеттерін, оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
5.5. Негізгі орта білім берудің оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады.
5.6. Жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасы білім алушылардың бейін алды даярлығын қамтиды.
6. Білім беру ұйымдарына қабылдау тəртібі
6.1. Оқушыларды мектепке қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасындағы жалпы талаптарға сәйкес қабылданады.
6.2. Бастауыш білім беру ұйымының бірінші сыныбына баратын балалардың заңды өкілдерінен өтініш қабылдау Қазақстан Республикасының заңдылығымен анықталған мерзімде жүргізіледі.
6.3. Білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
6.4. Жаңадан келген оқушының алдағы сыныптарды аяқтағанын растайтын құжаттары негізінде қабылдайды.
6.5. Бейінді мектептің оныншы немесе он бірінші сыныптарына қабылдау оқытудың бейінін таңдау кезінде білім алушының қызығушылығы, бейімі мен қабілеті ескеріле отырып, білім алушының тұратын аумағын ескерместен баланың заңды өкілінің келісімімен білім алушының жеке өтініші және негізгі орта білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының болуы негізінде жүзеге асырылады. Өтініштерді қабылдау негізгі орта білім беру деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты бергеннен кейін басталады
6.6. Оқушылар мемлекеттік мекемеден шығару ата-ананың (заңды өкілі) өтінішіне сәйкес жүргізіледі.
7. Білім беру процесін ұйымдастыру тəртібі
7.1. Мекемеде білім беру процесі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, білім берудің үлгілік оқу жоспарлары, жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары және «Жалпы білім беру ұйымдарының түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтары негізінде жүзеге асырылады.
7.2. Оқу мерзімі: 11 жыл. 1 – 11сыныпқа дейін. Мектепте шағын орталық жəне дайындық топтары ұйымдастырылады. Мектепте оқыту процесі 3 деңгейден тұрады. Бастауыш 1-4 сынып, негізгі орта 5 – 9 сынып, орта білім 10 –11 сынып.
7.3. Оқыту тілі: қазақ, орыс тілдері.
7.4. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беретін оқу орны бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің əрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай инклюзивті білім беру жүзеге асырылады.
7.5. Оқу жылының басталуы және аяқталуы, тоқсандық бөлінуі Білім жəне ғылым Министрінің бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
7.6. «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына сәйкес Жалпы білім беру ұйымдарында сабақтың ұзақтығы 40 минут. Бірінші сыныптарда қыркүйекте үш сабақ 35 минуттан, қазаннан бастап 40 минуттан жоспарланады. Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 5 минут, үлкен үзіліс (2-ші немесе 3-ші сабақтан кейін) 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы 15 минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі.
7.7. Үй тапсырмасын орындау 2-сыныпта 50 минуттан, 3-4-сыныптарда
70 минуттан, 5-6-сыныптарда 90 минуттан, 7-9-сыныптарда 110 минуттан,
10-11-сыныптарда 130 минуттан аспауы тиіс.
7.8. Оқу жылының ұзақтығы мектепалды даярлық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1-сыныпта – 33 оқу аптасы, 2-11 - сыныптарда – 34 оқу аптасы.
8. Мектепке дейінгі шағын орталықты ұйымдастыру тәртібі
8.1. Шағын орталық өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Үлгілік ережелерді, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
8.2.Шағын орталықтың мақсаты: 2- 5 жас аралығындығы балаларды жан-жақты дамыту және баланы тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оларды әлеуметтік бейімдеуде олардың ата-аналарына әдістемелік –кеңес беру арқылы қолдау.
8.3. Жұмыс күні –толық күн.( 8.00- 18.00)
8.4. Шағын орталықтың білім процесін ұйымдастыру мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес жалпы білім беру бағдарламаларымен айқындалады және регламенттеледі.
8.5. Мектепке дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері:
1) Бескүндік жұмыс тәртібі;
2) Топтардағы сабақтардың ұзақтығы жас ерекшеліне байланысты.
3) Оқу кестесі мен оларды өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі;
4) Тәрбиелеу мен оқыту тілі: қазақша
9. Білімдерді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық жəне қорытынды аттестаттау жүйесі, оларды өткізудің нысандары жəне тəртібі
9.1. Мекеме білім алушылардың білім беру бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды жүзеге асырады және оларға аралық, қорытынды аттестаттау жүргізеді.
9.2. Білімдерді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық жəне қорытынды аттестаттау жүйесі, оларды өткізудің нысандары жəне тəртібі "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 265 бұйрығына сəйкес белгіленеді.
9.3. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық аттестаттау жүргізудің тәртібі:
1) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды барлық оқу пәндері бойынша мұғалімдер 2-11-сыныптарда оқу жылының бірінші тоқсанынан (жарты жылдығынан) бастап жүргізеді.
2) 1-11 сыныптардың білім алушыларының пәндер бойынша жылдық бағасы тоқсандық (жартыжылдық) бағалардың негізінде қойылады.
3) 5-11 сыныптардың білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды бағасы тоқсандық, жылдық және емтихан бағаларының негізінде қойылады.
4) Тоқсандық, жартыжылдық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат берілмейді.
5) Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім алушылары үшін ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысанындағы бақылау жұмыстары қайта ұйымдастырылады. Бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша "3", "4", "5" деген бағаларын алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.
6) 5-8, 10 сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін жүргізіледі.
7) Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 , 10 сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі.
8) Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-8, 10 сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберілмейді, қайта оқу жылына қалдырылады.
9) 1-сынып білім алушылары психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдары және ата-аналардың немесе баланың заңды өкілдерінің келісімі бойынша қалдырылған білім алушыларды қоспағанда, қайта оқу жылына қалдырылмайды.
10) 2-8, 10 сыныптардан келесі сыныпқа барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары "3", "4", "5" болған білім алушылар көшіріледі.
11) Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары "5" болған 5-8, 10 сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі.
9.4. Жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізудің тәртібі:
1) Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау формативтік және жиынтық бағалау нысандарында жүзеге асырылады.
2) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды тоқсан, бөлім аяқталғаннан кейін оқу материалдарының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау және қадағалау үшін жиынтық бағалау нысанында жүргізіледі. Жиынтық бағалау үшінші тоқсаннан бастап 1-сыныптарда, бірінші тоқсаннан бастап 2-11 сыныптарда жүргізіледі.
3) Білім алушы белгілі себептермен екі аптаға дейін болмаған жағдайда білім алушы мектепке қайтып оралғаннан кейінгі екі аптаның ішінде мектеп жасаған жеке кестеге сәйкес жиынтық бағалауды тапсырады.
4) Білім алушы бір мектептен екінші мектепке ауысқан жағдайда оның жиынтық бағалау нәтижелерінің (бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың ең жоғарғы балдары) электронды (қағаз) журналдан үзіндісі ресімделеді, мектеп директорының қолымен, мөрімен расталады және білім алушының жеке іс қағазымен бірге беріледі.
9.5. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі:
1) Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:9 сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары және 11 сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.
2) Бір және екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттау өткенге дейін жазбаша немесе тест тапсырмалары нысанында қосымша бақылау жұмыстарын орындайды.
3) Үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 11 сыныптың білім алушыларына білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама беріледі.
4) 9 және 11- сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттаудан білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен мынадай жағдайларда босатылады:
- денсаулық жағдайына байланысты;
- І - II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
-жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар, халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер;
- жақын туыстарының қайтыс болуы;
- әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.
5) Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 және 11 сыныптардың білім алушылары сауыққаннан кейін өткізіп алған емтихандарды тапсырады.
Қорытынды аттестаттау өткізу үшін ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде Комиссия мектеп директорының бұйрығымен мектептер жанында құрылады
10. Білім алушыларды, тəрбиеленушілерді оқудан шығару негіздері жəне тəртібі
10.1. Білім туралы Заңның 31-бабына сәйкес 16 жасқа дейінгі балаларды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымы мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.
10.2. Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншы және қамқоршы ұйымдардың келісімімен қабылданады.
11. Білім беру ұйымының білім алушыларымен, тəрбиеленушілерін жəне олардың ата-аналарымен өзге де заңды өкілдерімен қатынастарын рәсімдеу тəртібі
11.1. Оқушылар, педагог қызметкерлер және оқушылардың ата-аналары (олардың алмастырылған тұлғалар) Мекемеде білім беру үрдісінің қатысушылары болып табылады. Білім алушыларды білім беру ұйымына қабылдау кезінде сол ұйым оны және ата-анасын немесе өзге де заңды өкілдерін білім беру ұйымының жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиямен, қабылдау тәртібін және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды регламенттейтін басқа да құжаттармен таныстыруға міндетті.
11.2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
2) білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;
3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
4) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;
5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
6) қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына ауысуға;
7) білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;
8) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;
9) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
10) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
11) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.
11. 3. Білім алушылардың міндеттері:
1) Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.
2) Білім алушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға міндетті.
3) Білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагог қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.
4) Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
Қазақстан Республикасы Білім жəне Ғылым министрінің 2016 жылғы жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сəйкес талаптарды орындауы міндетті.
Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар:
1) Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі.
2) Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
11.4. Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау:
1) Орта білім беру ұйымының басшысы және қоғамдық кеңес (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті) міндетті мектеп формасын енгізу кезінде осы Талаптарды басшылыққа алады.
2) Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға қатысады және оны жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді, оны кез келген сауда желісінен сатып алады.
11.5. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері:
1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:
1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;
2) ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;
3) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;
4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;
5) балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.
2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:
1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектеп алды даярлығын қамтамасыз етуге;
3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;
4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге;
5) білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
6) Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді
11.6. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кодексінің 409 –бабына сәйкес, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы– ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11.7. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі:
1. Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік қызметпен айналысуға жіберіледі.
Білім беру ұйымдарындағы жұмысқа:
1) медициналық қарсы көрсетілімі бар;
2) психиатриялық және наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде жіберілмейді.
2.Педагог жұмыскердің құқығы:
1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;
2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
3) дара педагогтік қызметке;
4) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;
5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
6) бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға;
7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;
8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде моральдық және материалдық көтермеленуге;
9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;
10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;
11) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға;
12) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.
3. Педагог жұмыскерлердің міндеттері:
1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
4) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;
5) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
6) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
7) бес жылда бір реттен сиретпей аттестаттаудан өтуге;
8) педагогтік әдеп қағидаларын сақтауға;
9) білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
10) білім алушылар жасаған, оның ішінде білім алушыларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар фактілері туралы не өздеріне белгілі болған, білім беру ұйымдарынан тыс жерде болған осындай құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
11) өмірде қиын жағдайға тап болған баланы анықтағаннан бастап бір жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалауынсыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі органдарына хабарлауға міндетті.
11.8. Міндеттерін бұзғаны және педагог жұмыскер атағына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін педагог жұмыскер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
11.9. Педагог жұмыскерлердің білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануына тыйым салынады.
11.10. Мектеп мұғалімдері «Педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығын басшылыққа ала отырып, педагогикалық әдеп ережелерін сақтауға міндетті.
1. Педагог қызметкер өз қызметінде:
1) Қазақстан Республикасы педагог қызметкерінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді;
2) өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды;
3) еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды;
4) білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
5) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады;
6) қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;
7) өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;
8) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болады.
2. Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
2) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттерді болдырмау үшін күш салады;
3) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады.
3. Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:
1) жалпы қабылданған адамгершілік-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
2) баска педагог қызметкердің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді.
12. Ақылы түрде білім беру қызмет көрсетудің тізбесі мен тәртібі
12.1. Мемлекеттік білім беру мекемесінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс, ақылы қызметтер көрсету туралы шартты жасай отырып, ақылы негізде мынадай қызметтерге рұқсат етіледі:
1) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру;
2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;
3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;
4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
5) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету.
12.2. Ақылы негізде қызметтер көрсететін мемлекеттік мекеменің және білім алушының, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдердің өзара қатынастары шартпен реттеледі.
12.3. Тыйым салынады: бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары шеңберiнде ақылы негiзде бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге.
13. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тəртібі
13.1 Білім туралы Заңның 43 бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттік мекеменің жұмыс тəртібі ішкі еңбек тəртібінің қағидаларымен белгіленеді жəне Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
14. Алқалы органдары, оның қалыптасу тәртібі мен құзыры
14.1. Мемлекеттік мекемеде басқарудың алқалық органы құрылады.
14.2. Алқалық басқарудың түрлері төмендегідей бола алады: педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, жалпы жиналыс, ата-аналар комитеті және қамқоршы кеңесі.
14.3. «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырады.
14.4. Алқалық органның басқару құзыреті мен қалыптасу тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі.
15. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тəртібі\
15.1 Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уəкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) шешімі бойынша жүзеге асырылады.
15.2. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тіркеледі.
16. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру жəне тарату шарттары
16.1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру жəне тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
-------------------------

1. Общие положения
1.1. Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа имени Валерия Чкалова» отдела образования акимата Жамбылского района Жамбылской области (далее – государственное учреждение) проходит регистрацию на внесение изменений на основании Постановления акимата Жамбылского района за № 60 приложения № 20 от 9 февраля 2018 года в связи с изменением наименования улицы школы и внесением изменений и дополнений в Устав юридических лиц отдела образования акимата Жамбылского района Жамбылской области.
1.2. Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа имени Валерия Чкалова» отдела образования акимата Жамбылского района Жамбылской области (далее – государственное учреждение), обладающее статусом юридического лица осуществляет образовательную деятельность.
1.3. Тип государственного учреждения: общеобразовательная.
1.4. Учредитель государственного учреждения: «Аппарат акима Жамбылского района» коммунальное государственное учреждение.
1.5. Уполномоченный орган государственного учреждения: «Отдел образования акимата Жамбылского района» коммунальное государственное учреждение.
1.6. Наименование государственного учреждения: «Средняя школа имени Валерия Чкалова» отдела образования акимата Жамбылского района Жамбылской области
1.7. Местонахождение коммунального государственного учреждения:
Республика Казахстан, Жамбылская область, Жамбылский район,
село Жалпактобе, улица «Болашақ» №10. Почтовый индекс: 080209.
2. Юридический статус государственного учреждения
2.1. Тип: организация дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего, общего среднего образования.
2.2. Вид: средняя школа с дошкольным мини-центром.
2.3. Государственное учреждение имеет печать с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и наименованием государственного учреждения.
2.4. Государственное учреждение не может создавать, а также выступать учредителем другого юридического лица.
2.5. Учреждение действует на основании лицензии на право ведения образовательной деятельности. В своей деятельности государственное учреждение руководствуется Конституцией и законами Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан и настоящим Уставом.
3. Предмет и цели деятельности государственного учреждения
3.1. Предмет деятельности государственного учреждения: образовательная деятельность в сфере дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего образования.
3.2. Задачи государственного учреждения:
1) создание необходимых условий для получения качественного образования, направленного на формирование, развитие личности на основе национальных и общечеловеческих ценностей, достижения науки и практики;
2) развитие творческих, духовных и физических возможностей личности, формирование прочных основ нравственности и здорового образа жизни, обогащение интеллекта путем создания условий для развития индивидуальности;
3) воспитание гражданственности и патриотизма,