Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру » Сш им Чкалова
Zhambyl region
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Чкалов атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
04
January
2019

Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

 

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестаттың нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес білім туралы аттестаттың нысаны;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшалардың нысандары;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Алтын белгі жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;

     

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.2018 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ministry of Education and Scienceнің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Министр А. Сәрінжіпов

 

 

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 1-қосымша

 

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері

      1. Куәлік, аттестат, сертификат, диплом білім алушының тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгергенін растайтын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері (бұдан әрі - құжаттар) болып табылады.

      2. Құжаттардың барлық түрлері (философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарынан, қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор аттестаттарынан басқа):

      1) көлемі 224 x 160 мм қатты мұқабадан;

      2) көлемі 210 x 150 мм қосымша парақтан;

      3) қосымшадан тұрады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.12.2017 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2-1. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдары, қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор аттестаттары:

      1) көлемі 310 х 110 мм қатты мұқабадан;

      2) көлемі 310 х 110 мм қосымша парақтан тұрады.

      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.12.2017 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Құжат мұқабасы:

      1) үздік құжат үшін - қызыл түстен;

      2) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған тұлғаларға берілетін құжат үшін - көгілдір түстен;

      3) магистр, доктор (PhD, бейіні бойынша) дипломдары үшін – күрең қызыл түстен;

      4) басқа қалған құжаттар үшін - қою көк түстен дайындалады.

      4. Құжаттардың барлық түрлерінің мұқабасында алтын түспен жасалған:

      1) жоғары жағында мемлекеттік тілде: "Қазақстан Республикасы" деген өрнектелген жазу;

      2) ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі;

      3) Мемлекеттік елтаңба бейнесінің астында мемлекеттік тілде өрнектеліп жазылған құжат түрінің атауы орналасады.

      5. Құжаттарға қосымша парақтардың, қосымшалардың бланкілері баспаханалық тәсілмен басылады (қолмен немесе баспа құрылғыларының көмегімен толтырылатын деректерді есепке алмағанда).

      6. Қосымша парақтардың, қосымшалардың бланкілері арнайы қорғаныш (су тамғысы белгілерімен) дәрежелері бар мынадай қағазда басылады:

      1) ақшыл-қызғылт түс – үздік белгісі бар құжаттардың қосымша парақтары магистр, PhD докторы, бейіні бойынша докторы, сондай-ақ "Алтын белгі" белгісімен марапатталған тұлғаларға берілетін құжаттар үшін;

      2) ақшыл-көк түс - барлық қалған құжаттардың түрлері үшін қосымша парақтар мен қосымшалар.

      7. Қосымша парақтың бетжағында:

      1) жоғары жағында - "Қазақстан Республикасы" деген сөздер;

      2) ортасында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі;

      3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңба бейнесінің астында - құжат түрінің мемлекеттік тілдегі атауы орналасады.

      8. Құжаттың қосымша парағының ішкі екі жағында ортада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі басылады.

      9. Құжаттың қосымша парағының сол жақ ішкі бетінде мемлекеттік тілдегі мазмұны, ал оң жағында - орыс тіліндегі бірдей мазмұны көрсетіледі.

      Жоғары білім туралы, магистр, доктор (PhD, бейіні бойынша) дипломдарының, доцент және профессор аттестаттарының қосымша парақтарының сол жақ ішкі бетінде мемлекеттік тілдегі мазмұны, ал оң жағында орыс және ағылшын тілдерінде бірдей мазмұны көрсетіледі.

      10. Best белгісі бар құжаттың қосымша парағының ішкі екі бетінде баспаханалық тәсілмен қызыл түспен "Best" және "С отличием" деген сөздер жазылады, жоғары білім туралы дипломдар үшін "Best" деген сөз қосымша парақтардың бет жағына жазылады.

      11. "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдарға берілетін құжаттың қосымша парағының ішкі екі бетінде баспаханалық тәсілмен, қола түспен "Алтын белгі" деген сөздер жазылады.

      12. Құжаттардың барлық түрлерінің қосымша парақтарының сериясы мен жеті саннан тұратын нөмірі болады.

      13. Құжаттардың қосымша парақтарының бланкілері оларға жазылатын жазулар каллиграфиялық жазумен немесе басу құрылғыларының көмегімен жазылатындай етіп жасалуы тиіс.

 

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 2-қосымша

 

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

Негізгі орта білім туралы аттестат

 

Негізгі орта білім туралы
АТТЕСТАТ
НОБ № _________________________

Осы аттестат
_____________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)
(болған жағдайда)
______________________________ берілді

Ол _______ жылы

_____________________________________

_____________________________________

(білім беру ұйымының толық атауы)

___________________________________

бітірді және негізгі орта білімнің жалпы

білім беретін оқу бағдарламасын меңгерді

Директор_________/_________/
Директордың орынбасары ______/______/

Сынып жетекшісі _________/_________/

М.О.
______ жылғы "___" ____________ берілді
Елді мекен ______________________

Тіркеу нөмірі № _________________

АТТЕСТАТ
об основном среднем образовании
НОБ № ________________________

Настоящий аттестат выдан
________________________________________

(фамилия, имя, отчество)
(при его наличии)
в том, что он (-а) в _____ году ____________

окончил (а) ______________________________

________________________________________

(полное наименование организации образования)

и освоил (-а) _____________________________

общеобразовательную учебную программу

основного среднего образования

Директор _______/________/
Заместитель директора _______/ ________/

Классный руководитель ________/ _________/

М.П.
Выдан "____" _________________ года
Населенный пункт ____________________

Регистрационный номер № ____________

 

 

 

Похожие публикации: