07
September
2019
"Жаңа қазақ әліпбиі - рухани жаңғыру мен ұлт тұтастығының негізі" атты кездесу
Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырмасы бойынша Валерий Чкалов атындағы орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларымен "Жаңа қазақ әліпбиі - рухани жаңғыру мен ұлт тұтастығының негізі" атты кездесу өтті. Zhambyl region "Қазақстан студенттерінің Альянс" жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұратбаев Қаныбек Жарылхасынұлы оқушыларға Латын әліпбиі жайлы мәліметтер беріп, Латын әліпбиіне көшу - заман талабынан туындап отырған қажеттілік екенін және Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жайлы жан - жақты мағлұмат берді. Оқушылардың да пікірін тыңдап, кездесу соңында оқушылар пікір алмасу парағын толтырды. Кездесу қызықты өтті.