12
March
2020
Коронавирус: аурудың белгілері мен сақтану амалдары
Коронавирус – вирустардың үлкен тұқымдасы, ол жануарлар арасында, оның ішінде түйе, мүйізді ірі қара мал, мысық пен жарқанаттарда кең таралған. Бірақ ауру жұқтырған адамдардың көпшілігі жануарлармен байланыс болмағанын айтады. Яғни, тұмаудың жұғу жолы тәрізді ауа арқылы адамнан адамға берілуі мүмкін. Белгілері: Қалтырау Жөтел Ентікпе Соңғы мәлімет бойынша, инкубациялық кезең 2 күннен 14 күнге дейін созылуы мүмкін.
Қалай сақтану керек? Қазіргі уақытта 2019-nCoV инфекциясының алдын алатын екпе жоқ. Сол себепті сіз саяхатта болсаңыз немесе вирустан қауіптенсеңіз, аурудың алдын алудың ең тиімді жолы – оның әсер етуін болдырмау. Басқа қауіпсіздік шаралары өзге де респираторлық аурулардыкімен бірдей. Қолыңызды сабынмен немесе сумен кем дегенде 20 секундтан жиі жуып тұрыңыз.· Егер сабын мен су қолжетімсіз болса, спирт негізіндегі қолға арналған дезинфекция құралын қолданыңыз.
· Жуылмаған қолды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға жақындатпаңыз.
· Науқас адамдармен байланыстан қашыңыз.
· Ауырған кезіңізде үйде болыңыз.
· Жөтелген немесе түшкірген кезде бетіңізді Mayлықпен жауып, содан кейін оны қоқысқа тастаңыз.
· Сіз үнемі байланыста болатын құралдар мен үстіңгі қабатты тазартып, дезинфекция жасап тұрыңыз.
· Бұл көп вирустың таралуының алдын алатын күнделікті әдеттер. CDC-тің саяхатшыларға арналған арнайы ұсыныстары бар.