28
October
2018
Board of Trustees отырысының хаттамасы №6
Board of Trustees отырысының
Хаттамасы №6
Жалпақтөбе ауылы 2018 жылғы 18 қазан
Күн тәртібі:
1.Валерий Чкалов атындағы орта мектептің директорының есебің тыңдау.
2.Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектордың есебің тыңдау.
Аталған мәселе бойынша:І. Тыңдалды. Валерий Чкалов атындағы орта мектептің директоры Ергазиева Найла Сакитовна:
Найла Сакитовна 2018 жылдың қаңтар айынан осы уақытқа дейінгі және былтырғы оқу жылына қорытынды есеп берді. Есебінде өткізілген «Мектепке жол», «Қамқорлық» «Тілек шыршасы» қайырымдылық акцияларына толық тоқталып, қанша оқушыларға қандай көмек берілгендеріне тоқталды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткізілген іс-шараларды, экскурсияларды атап шыққан. Жазғы сауықтыру лагеріндегі тегің ыстық тамақпен демеушілер арқылы демалған оқушыларды атап өтті. Сондай-ақ Жалпы білім беру ұйымының қорынан қандай асханаға заттар және қанша қаржыға алынғанын атап өтті.
«Биылғы оқу жылынан бастап электрондық Күнделік.Кз жобасына көшіп, жаңа оқыту бағдарламасымен оқытуға білім берудеміз» - деп, есепті аяқтады. Есеп тыңдалып болғаннан кейін мектеп директоры қамқоршылық кеңесіне ұсыныс жасады:
1.Мектептің 80 жыл толуына орай мектепке «Түлектер аллеясын» салу жоспарлануда.
2.Мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында 1 – ғимараттың артында судың тапшы болуына байланысты мектеп ауласындағы ағаштардың өспеуі байқалуда. Осыған орай мектеп ауласына су құбырларымен қамтамасыз ету.
3.Мектепке келетін оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Болашақ the outsideндегі жолды және мектепке кіре берістегі аллеяның шет жолағын жөндеу жұмысын қамтамасыз ету.
ІІ. Сөйледі. Жамбыл АІІБ–нің ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны Қожабаев Көпжасар Тұрсынбекұлы:
Инспекторының жұмысын толық тоқталып, азаматтық құқықтық жауапкершілік баптарымен атқарылған жұмыстарымен таныстарды. Валерий Чкалов атындағы орта мектебінің мұғалімдерімен бірге атқарылған рейдтерді атап өтіп, профилактикалық жиналыстар өткізгенің айтты. Қазіргі таңда Валерий Чкалов орта мектебі бойынша Жамбыл АІІБ–нің ЖПҚ ЮПТ профилактикалық есебінде жасөспірімдер тіркелмеген.
Есептер тыңдалып болғаннан кейін қамқоршылық кеңесінің төрағасы И.Юнусов берілген есептерге қанағаттанарлық баға беріп, жасалынған ұсынысты ескере отырып, қамқоршылық кеңесінің жұмыс атқаратының айтты.
Қаулы:
І. Мектеп директоры Н.С.Ергазиеваның есебі қанағаттанарлық деп, есептелсің.
ІV. Жамбыл АІІБ–нің ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны К.Т.Кожабаевтың есебі қанағаттанарлық деп, есептелсің..
Төрайымы: И.Юнусов
Кеңес мүшелері: Қ. Токтахунов
К.Кожабаев
Д.Тойбекова
Р.Аширов
А.Ибрагимов
Б.Абдуллаева
А.Якубова
Р.Абдиева
Мектеп директоры: Н.Ергазиева
Хатшы: Н.Бебезова