«Тіл – халықтың мұрасы» » Сш им Чкалова
Zhambyl region
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Чкалов атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » «Тіл – халықтың мұрасы»
27
September
2017

«Тіл – халықтың мұрасы»

Валерий Чкалов атындағы орта мектепте 22 қыркүйек – Тілдер мерекесіне арналған іс-шара жоспары жасалып, мектеп директорымен бекітілді. Қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері апталық декадаға дайындықтарын уақытында бастады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі «Тілдер мерекесіне» арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2-11 сыныптар аралығында «Тіл – халықтың мұрасы» тіл мерекесінің ашылуын өткізді. Сонымен қатар, 1-10 сыныптар арасында шығарма байқауы, 3-4 сыныптар арасында «Ана тілім - ардағым» мәнерлеп оқу сайысы өткізіліп, сондай-ақ сыныптан тыс іс-шаралар мен дәстүрлі сабақтар әлі де жүргізілуде. 
Ағылшын тілі пәні бірлестігі өз жұмыстарын 14.09.2017 жылы 5-6 сыныптар арасында ағылшын тілінде мәнерлеп оқу сайысын өткізуден бастады. 16.09.2017 жылы 7-9 сыныптар арасында шығармашылық байқау жүргізіп, 15.09 – 22.09 аралығында 10-11 сыныптар арасында шығарма байқауын ұйымдастырды. 
23.09.2017 жылы үш бірлестіктің бірлесуімен тілдер мерекесінің жабылу салтанаты өтті. Мектептің акт залы безендіріліп, оқушылардың қатысуымен мерекелік салтанатты іс-шара өз деңгейінде ұйымдастырылды.
«Тіл – халықтың мұрасы»
«Тіл – халықтың мұрасы»
«Тіл – халықтың мұрасы»