28
октябрь
2019
"Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы"
Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі, облыстық білім басқармасының ағымдағы жылдың қазан айының 21-і күнгі №03-5111 шығыс санды хатындағы тапсырмасын орындау мақсатында 25 қазан сағат 12.00 – де Валерий Чкалов атындағы орта мектебінің 1-11 сыныптарында «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Тәуелсіз елімізді өркендету үшін отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын оқушы санасына жеткізе отырып, Отанымызға тәрбиелі, мәдениетті, білімді, саналы адамзаттар керек екенін мақсат етіп өткізген сынып сағаттары өз деңгейінде өтті. Оқушылар отбасыларына арнаған видео роликтері көрсетілді.