11
ноябрь
2019
"Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ"
2019 жыл 11 қарашада Валерий Чкалов атындағы орта мектебінде "Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Зорлық - зомбылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық іс - шараға Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының хатшысы Жақсылықова Бақыт Сауқымбекқызы, Жамбыл атындағы №5 мектеп гимназиясының директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары Ноғайбаев Нұрлан Серікұлы және "Асыл - Арман" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрақбаев Ринат Даниярұлы қатысып, оқушыларға құқықтары туралы және заң бұзушылықтардың соңы неге алып келетіні туралы айтып түсіндірді. Осы тақырыпта видео роликтер көрсетілді. Кездесу соңында оқушылардың сұрақтарына жауап берді.