Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы №3 » Сш им Чкалова
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Чкалов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы №3
17
май
2019

Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы №3

Қамқоршылық кеңес отырысының

 

ХАТТАМАСЫ №3

Жалпақтөбе ауылы                                                                                                                     2019 жылғы 17 мамыры

Күн тәртібі:
1.Жетім балаларға, ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп баланы отбасынан шыққан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру.
2.2018-2019 оқу жылына аз қамтылған балаларға көрсетілген әлеуметтік көмек есебің тыңдау. Валерий Чкалов атындағы орта мектептің директорының есебің тыңдау. Қорытындылау.

Аталған мәселе бойынша:
І. Тыңдалды: Валерий Чкалов атындағы орта мектебінің ДТІЖО Н.Кеңесбаеваның айтуынша биыл қала маңындағы лагеріне білім бөлімінен 12 оқушыға жолдама беріледі, ал мектеп жанындағы сауықтыру лагеріне жалпыға бірдей білім беру қорынан қатысатын бала саны – 110, Ата-аналардың демеушілігімен қатысатын бала саны -100.
Сөйледі И.Юнусов: «Қала маңындағы лагеріне баратын мектептің жетім, әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаларды жіберу керек. Мектеп әлеуметтік педагогтың тізіміне қарай отыра қала маңындағы лагеріне баратын балалардың тізімін құруды ұсынамын»
ІІ. Сөйледі. Валерий Чкалов атындағы орта мектептің директоры Ергазиева Найла Сакитовна: «Биылғы жылы біздің түлектер бітіру кеші орнына қайырымдылыққа ақша жұмсауды таңдады, әрбір түлек сыныбы табысы төмен отбасына қайырымдылық көмек көрсетеді. Аз қамтылған отбасылардың бірі - 8 сынып оқушысы Машуева Сания».
Найла Сакитовна 2018-2019 оқу жылының қаңтар қорытынды есеп берді. Есебінде өткізілген «Мектепке жол», «Қамқорлық» «Адал дүкен» қайырымдылық акцияларына толық тоқталып, қанша оқушыларға қандай көмек берілгендеріне тоқталды.
Есеп тыңдалып болғаннан кейін мектеп директоры қамқоршылық кеңесіне ұсыныс жасады:
1.Машуева Санияның отбасына үй құрылысына көмектетін демеушілер табу.
2.Мектеп фойе және стендтерді жөңдеу жұмыстарына демеушілік көмек көрсету.

Қаулы: 
І. Лагерьге баратын оқушылардың тізімі әлеуметтік педагог Н.Бебезова құрылсын.
ІІ. Валерий Чкалов атындағы орта мектеп директорының жылдық есебі қанағаттанарлық деп есептелсің, мектеп директордың ұсыныстары бойынша шаралар қабылдансын.

Төрайымы: И.Юнусов
Хатшы: Н.Бебезова

Кеңес мүшелері:
Н.Маюфи
К.Кожабаев
Д.Тойбекова
Р.Аширов
А.Ибрагимов
Б.Абдуллаева
А.Якубова
Р.Абдиева