«ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» Ата аналар жиналысы
Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы Валерий Чкалов орта мектебіндеотбасы күніне орай 8.09.18 – 9.09.18 жылы 1 және 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» атты 5-інші республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді. Айта кетейік, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Отбасылық тәрбиелеу институты ұйымдастырған конференция Қазақстанның барлық мектептерінде өтіп жатыр
Жалпы конференция өте жоғары деңгейде өткізілді. Психологтар мен педагогтар баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет-тәуелділіктің алдын алу, деструктивті діни ағымдардан сақтау, отбасы тәрбиесіндегі жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқына себепші болуы мүмкін қателіктер, жоғары сынып сынып оқушыларыны ҰБТ-де ата-ананың психологиялық көмек көрсетуі, оқуға бейімдеу және отбасылық құндылықтарды арттыру жөнінде кеңес береді.
В. Чкалов орта мектебінің директоры Ергазиева Н.С 1 сынып оқушыларының ата-аналарын балаларының алғашқы қадамымен құттықтап, олардың отбасылық атмосферадан шығып, жаңа ортаға келіп жатқанын атап өтті. «Жаңа орта, жаңа адамдар және жаңа мұғалімдер баланы түрлі қиындықтарға кезіктіруі мүмкін. Тұйық мінезді балалар тағы бар. Мұнда мектеп әкімшілігі, мұғалімдер мен ата-ана үш тағаны маңызды рөл ойнайды. Бала мектепке дейін отбасымен уақыт өткізсе, мектептегі уақытын мұғаліммен өткізеді. Ал мектеп әкімшілігі балаға жақсы жағдай мен білімнің берілуін қамтамасыз етеді. Биыл мектебімізде 1253 бала білім алуда. Әйтсе де, әр балаға жеке уақыт бөліп, барлық мәселені талқылауға дайынбыз», - деді мектеп директоры.
Конференцияда мектеп психологы Қыдырбекова А.Н мен Арипова Р.И ата-ана мен мектептің тығыз байланыста жұмыс істеуі маңызды екенін алға тартты. Осындай конференциялардың өтуі де мектеп пен ата-ана арасын жақындату үшін маңызды екендігін атап көрсетті. ДҚТІЖО Машанло А.П және Тажиев С.С «Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды. ДТІЖО Азимова С.А «Жасөспірімдердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет тәуелділік қалыптасуының алдын алу»
тақырыбында баяндама оқыды. Дінтану пәнінің мұғалімі Садвакасова Ж.Е «Жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары» тақырыбында баяндама оқыды.Конфереция соңында ата-аналар комитетінің төрағасы Юнусов И.М сөз сөйлеп, пікірін білдірді.