27
март
2019
Қамқошылық кеңес отырысының хаттамасы №2
Попечительский совет отырысының
ХАТТАМАСЫ №2
Жалпактөбе ауылы 2018 жылғы 27 наурыз
1.Мектептегі даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жеке-жеке танысып, ата – аналарымен жұмыс атқару.
2.Жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен танысу.
І. Сөйледі. Мектеп әлеуметтік әлеуметтік педагог Н.Бебезова: «Биылғы оқу жылында 19 оқушы мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, үйде оқытады. Барлық оқушылардың домтұрмыстық жағдайын зерттеу жұмысы арқылы ата-аналарымен таныстырып, балалардың оқуға, түзету жұмыстарын жүргізуге және демалуға жағдай жасалғанын анықтадық».
ІІ. Тыңдалды. Полатқосшы ауылдық округінің бас маманы Д.Тойбекова мектеп және ауылдың ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларды атап, қамқоршылық кеңес мүшелерді білім алушылардың әлеуметтік жағдайымен таныстырды.
«1-11 сынып оқушыларының әлеуметтік карталарын зерделеу барысында 112 әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларды анықтадық. Оларға дер кезінде демеушілік пен мемлекеттік қорынан әлеуметтік көмек көрсетеді, сондай-ақ әр-түрлі тегін, қайырымдылық шараларға қатысады», - деп айтты.
Қаулы:
І. Үйде оқитын балалар және ата-аналармен жұмыс бірге атқарылсын.
ІІ. Жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балалармен жұмыстары жалғастырылсын.
Төрайымы: И.Юнусов
Хатшы: Н.Р.Бебезова
Кеңес мүшелері:
Д.Тойбекова
К.КожабаевН.Маюфи
Р.Аширов
А.Ибрагимов
Б.Абдуллаева
А.Якубова
Р.Абдиева