Тегін ыстық тамақ ұйымдастыру жұмыстары
Мектеп асханасының жаңа оқу жылына дайындығы қанағаттанарлық деп табылды. Ыдыс-аяқ, қасық, пиала сияқты жетіспейтін асхана жабдықтары сатып алынып, газ плиталарының жай-күйі тексеруден өткізілді. Мектеп медбикесі асхана қызметкерлерінің жұқпалы-іріңді ауруларға шалдықпағанын және асхананың балаларды тамақтандыруға дайындығын толықтай тексеруден өткізді.
Асхана аспазы А.Якубова азық-түліктердің мектепке уақытылы жеткізілуін қатаң қадағалап отырады. Апта сайын оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай теңгерімделген ас мәзірін А. Якубова мектеп медбикесі Р.Абдуллаева және ДШІЖО Н.Абуевпен бірге отырып дайындап, директордың бекітуіне ұсынды. Күн сайын Р.Абдуллаева асхананың санитарлық жағдайын және ас пісіру кезінде пайдаланатын ыдыс-аяқ пен құрал-жабдықтардың тазалығын, асхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын, жұмыс кезінде жарақат алмауын қатаң қадағалап, жұмысқа рұқсат беріп, күнделікті тексеру нәтижелері арнайы журналға тіркеледі. Преподаватели мен әкімшілік мүшелерінің мектеп асханасындағы кезекшілік тізімі жасалып, бекітілген.