Қамқошылық кеңес отырысының хаттамасы №2 » Сш им Чкалова
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Чкалов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқошылық кеңес отырысының хаттамасы №2
27
март
2019

Қамқошылық кеңес отырысының хаттамасы №2

Қамқоршылық кеңес отырысының

ХАТТАМАСЫ №2

Жалпактөбе ауылы                                                         2018 жылғы 27 наурыз

Күн тәртібі:
1.Мектептегі даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жеке-жеке танысып, ата – аналарымен жұмыс атқару.
2.Жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен танысу.
І. Сөйледі. Мектеп әлеуметтік әлеуметтік педагог Н.Бебезова: «Биылғы оқу жылында 19 оқушы мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, үйде оқытады. Барлық оқушылардың үй тұрмыстық жағдайын зерттеу жұмысы арқылы ата-аналарымен таныстырып, балалардың оқуға, түзету жұмыстарын жүргізуге және демалуға жағдай жасалғанын анықтадық».
ІІ. Тыңдалды. Полатқосшы ауылдық округінің бас маманы Д.Тойбекова мектеп және ауылдың ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларды атап, қамқоршылық кеңес мүшелерді білім алушылардың әлеуметтік жағдайымен таныстырды.
«1-11 сынып оқушыларының әлеуметтік карталарын зерделеу барысында 112 әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларды анықтадық. Оларға дер кезінде демеушілік пен мемлекеттік қорынан әлеуметтік көмек көрсетеді, сондай-ақ әр-түрлі тегін, қайырымдылық шараларға қатысады», - деп айтты.

Қаулы: 
І. Үйде оқитын балалар және ата-аналармен жұмыс бірге атқарылсын.
ІІ. Жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балалармен жұмыстары жалғастырылсын.

Төрайымы: И.Юнусов
Хатшы: Н.Р.Бебезова
Кеңес мүшелері:
Д.Тойбекова
К.Кожабаев
Н.Маюфи
Р.Аширов
А.Ибрагимов
Б.Абдуллаева
А.Якубова
Р.Абдиева