Қамқошылық кеңес отырысының хаттамасы №1 » Сш им Чкалова
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Чкалов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқошылық кеңес отырысының хаттамасы №1
25
февраль
2019

Қамқошылық кеңес отырысының хаттамасы №1

Қамқоршылық кеңес отырысының

ХАТТАМАСЫ №1

Жалпактөбе ауылы                                                                                                        2019 жылғы 25 ақпан

Күн тәртібі:
1.Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру.
2.Қамқоршылық кеңестің төрайымы мен хатшысын сайлау.
3.Қамқоршылық кеңес отырысының жылдық жоспары.
Аталған мәселе бойынша:
Тыңдалды. Директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары Есимова Жанна Омирбековна айтуынша
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің 2017 жылғы «27» шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібің үлгілік қағидалары.
І тарау. Жалпы ережелер
ІІ тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі жіне құрамы
ІІІ тарау. Қамқоршы кеңестің өкілеттігі
ІV тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
V тарау. Қамқоршылық кеңес жұмысын тоқтату
І. Әлеуметтік педагог Бебезова Насиба Рамазановна қамқоршылық кеңесте Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің 2017 жылғы «27» шілдедегі №355 бұйрығын жалпы ережесін түсіндіріп өтті.
Қорғаншылық пен қамқоршылық мақсаты – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу болып табылады. Өркениетті қағам мен мемлекет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және көмекке мұқтаж балаларды дер кезінде табуды өзінің алдына басты мақсат етіп қояды. Осы міндеттері орындау жүктелген арнаулы мемлекеттік органдар – қорғаншылық және қамқоршылық ұйымдар жұмыс істейді. Бұл органдар мұндай балаларды іздеп тауып қана қоймай, оларды орналастыру және олардың тұрмыс жағдайларын бақылау міндеттерін жүзеге асыруы тиіс.
Директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары Тажиев Сайдулла Сапілмаликович Қамқоршылық кеңесің сайлау тәртібімен құрамы жайында №355 бұйрықты түсіндіріп, айтып кетті. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы оған қатысқан мүшелердің дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең түскен жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасының міндеттерін атқаратын тұлға дауыс берген шешім қабылданады. Қамқоршылық кеңестің шешімі отырысқа қатысқан Қамқоршылық кеңестің барлық мүшесі қол қойылған хаттамамен ресімделеді.
ІІ. Сөйледі. Ата-аналар комитеті Айнура Якубова: «Қорғаншылық бойынша төрайымы ретінде Юнусов Идрис Месизовичті бір ауыздан сайлауға ұсынамын». Сайлау барысында қорғаншылар мүшесінің толықтай дауыс беріге келісіп, бір ауыздан Юнусов Идрис Месизовичті төрайым ретінде сайлады. Хатшысы ретінде әлеуметтік педагог Бебезова Насиба Рамазановна бір ауыздан сайлады.
ІІІ. Қамқоршылар кеңесінің мүшелері бірігіп, жылдық жоспар құрылып, бікітілді.
Қаулы: Қамқоршылық кеңестің мүшелерінің жұмысы жандандырылсын

Төрайымы: И.М.Юнусов
Хатшы: Н.Р.Бебезова
Кеңес мүшелері:
Д.У.Тойбекова

К.Т.Кожабаев 

Н.Маюфи
Р.Т.Аширов
А.Ибрагимов
Б.Абдуллаева
А.Якубова
Р.Абдиева