10
март
2019
АНА ДЕГЕН ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ. 8 НАУРЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА
8 Наурыз халықаралық аналар күніне орай мектеп оқушылары таң азанмен мектеп ұстаздарын қарсы алып, өз құтықтауларын жеткізді.
Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз,– деп аналарға, ұстаздарға отбасылық бақыт, дендеріне саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін деген тілектерін білдірді.
Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру, мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру мақсатында мектебімізде «Ана-тіршіліктің тірегі » тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!- деген өлең жолынан басталған мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде өткізілді.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары анасына деген өлең жолдарын арнап, шын ниетімен тілектерін білдірді.
10 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткізілген бұл іс- шарада əсем əн де, жүректен шыққан тілек те айтылды. Мың бұралған бишілер де өз өнерлерін ортаға салды. Əсіресе үнді жəне қазақ биі көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Сонымен қатар 10 "А" сыныбы қойған ана туралы сахналық көрінісі көрермен жүрегін елжіретпей қоймады. Кеш соңында мектеп директоры Н.С.Ергазиева ұстаздарға, оқушыларға ыстық ықыласын, алғысын білдірді.
[/center]
Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Мектеп директоры Н.С.Ергазиева іс- шара соңында мектептің қоғамдық іс-шараларына белсене қатысқан ұстаздарды марапаттады.