Қазақстанның отбасы күніне арналған «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ». Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек » Сш им Чкалова
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Чкалов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстанның отбасы күніне арналған «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ». Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек
14
октябрь
2018

Қазақстанның отбасы күніне арналған «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ». Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы Валерий Чкалов орта мектебінде 13 қазан күні 2-3-4 сынып оқушыларының ата –аналарына арналған дәстүрлі «21 ғасырда Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» атты Біріңғай республикалық ата-аналар конференциясы өте жоғары деңгейде өткізілді. 
Отбасылық педагогика және психология аясында функционалдық сауаттылық және педагогикалық біліктілікті арттыру мәселесінде ата-аналар қоғамымен инновациялық ағартушылық жұмыс тәртібін Отбасылық Тәрбиелеу Институты ұсынған Білім және ғылым министрлігі және Балалардың құқығын қорқау Комитетінің қолдауымен Институт 2018 жылдың қыркүйек-қазан айларында барлық білім беру мекемелерінде «21 ғасырда Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» атты Біріңғай республикалық ата-аналар конференциясы басталған болатын.
Бұл шара өсіп келе жатқан ұрпақты отбасылық тәрбиелеу бойынша жаңа әдістемелер мен жаңаша біліммен ата-аналар қауымын қоса барлық мүдделі жанды жабдықтауға бағытталған түрлі тақырыптарға толы болды. 
Конференцияның модераторы - мектеп директоры Ергазиева Н.С ашып ата-аналарға конференцияның маңыздылығын атап көрсетті. Мектеп директоры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатын тыңдауды ұсынды. Келесі кезекте Отбасы тәрбиелеу институтының директоры Евдокимова София Львовнаның «Отбасы мен отбасылық құндылықтарды қолдау жөніндегі Қазақстан ата-аналар қауымдастығының» 2-3-4 сынып оқушыларының ата-аналарына үндеу бейне ролик арқылы тыңдалынды.
Конференцияда мектеп психологы Қыдырбекова Ақерке Нұржанқызы бастауыш сынып оқушыларында оқу процесінде кездесетін проблемалары жайлы, осы жаста бала үшін ата-ананың психологиялық жағынан балаға көмек беруінің маңыздылығын, ата-аналарға отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы жайлы ақпарат берді. Осы тақырыптар төңірегінде пікірлесіп, сұрақтарға жауап берілді. Соынмен қатар жеткіншектің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар және жеткіншектер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын - алу шаралары жайында ақпарат берді. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу, әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті екенін атап көрсетті. Конференция барысында қатысушы ата-аналар тәжірибемен бөлісіп, сұрақтарға жауап берілді.
Семинар соңында ата-аналар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.
[/center][center]Қазақстанның отбасы күніне арналған «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ».  Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек