«ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» 5-6-7 сынып оқушыларының ата- аналарымен жиналысы » Сш им Чкалова
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Чкалов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» 5-6-7 сынып оқушыларының ата- аналарымен жиналысы
24
сентябрь
2018

«ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» 5-6-7 сынып оқушыларының ата- аналарымен жиналысы

Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы Валерий Чкалов орта мектебінде отбасы күніне орай кезекті 22.09.18 жылы 5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» атты 5-інші республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді. Айта кетейік, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Отбасылық тәрбиелеу институты ұйымдастырған конференция Қазақстанның барлық мектептерінде өтіп жатыр
Жалпы конференция өте жоғары деңгейде өткізілді. Жиналыска 300- ге жуық ата-ана қатысты. Психологтар мен педагогтар баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет-тәуелділіктің алдын алу, деструктивті діни ағымдардан сақтау, отбасы тәрбиесіндегі жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқына себепші болуы мүмкін қателіктер, жасөспірімдік жастың психо-физиологиялық ерекшеліктері және бала мінез-құлқындағы олардың көріністері және жасөспіріммен нәтижелі байланысты қалай орнатуға болады? және отбасылық құндылықтарды арттыру жөнінде тақырыптар қозғалып, кеңес берілді.
Конференция мектеп директоры Ергазиева Н.С, ДТІЖО Азимова С.А, ДҚІЖО Машанло А.П, мектеп психологтары Қыдырбекова А.Н мен Арипова Р.И ата-аналар комитетінің төрайымы Тойбекова Дильдардың қатысуымен өткізілді. 
Конференцияны мектеп психологы Қыдырбекова Ақерке жүргізді. Осындай конференциялардың өтуі де мектеп пен ата-ана арасын жақындату үшін маңызды екендігін атап көрсетті. ДҚТІЖО Машанло А.П және Тажиев С.С «Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды. ДТІЖО Азимова С.А «Жасөспірімдердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет тәуелділік қалыптасуының алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды. Конференцияда ата-аналардан сауалнама алынып, әр тақырыпқа байланысты презентациялар, арнайы дайындалған видеороликтер көрсетіліп кітапшалар таратылды. Ата-аналардың да пікірі тыңдалып, көкейлерінде жүрген сұрақтардың жауабын ала білді. 
Конфереция соңында ата-аналар комитетінің төрайымы Тойбекова Дильдар сөз сөйлеп, пікірін білдірді.