"Туған жерге тағзым" кездесу » Сш им Чкалова
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Чкалов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Туған жерге тағзым" кездесу
14
ноябрь
2019

"Туған жерге тағзым" кездесу

Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға арналған жоспардың «Туған жер» арнайы жобасын орындауда «Туған жерге тағзым» бағдарламасының аясында 12 қараша күні Валерий Чкалов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен Жамбыл облыстық кеңес хатшысы, «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының тізіміне енген Сембек Әбетайұлы Сейдазімовпен кездесу кеші өтті.
Мектеп фойесінде 10 сынып оқушылары қонақты қошеметпен қарсы алды. Кездесу барысында Сембек Әбетайұлының еңбек жолы туралы видеоролик көрсетілді. Оқушылар концерттік бағдарлама ұсынып, қонаққа қызықтырған сұрақтарын қойды.
С.Сейдазімов Елбасының кездесуіне барғандағы әсерімен бөлісті: Өте үлкен деңгейдегі кездесуден алған әсерім үлкен болды. Жиынның осыған дейінгі шаралардан ерекшелігі — еркін форматта өтуінде. Қатысушылар да, мемлекет басшысы да еркін сұхбаттасып, ой-пікір алмасып, үлкендер кішілерге ағалық, аталық ақылын айтты. «100 жаңа есім» тізімінде жастар көп. Олар — тәуелсіздіктің құрдастары. Мәдениет, экономика саласын дамытуда барынша өз үлестерін қосып жатыр. Елбасының ойы — Қазақстанның атын әлемге танытқан жастарды халыққа таныстыру, игі істерін насихаттау. Жоба жастардың еңбегін елге көрсетті. Бұл сендерге үлкен мотивация. Сендер де болашақта жақсы білім алып, елге қызмет етіңдер – деп оқушыларға ақыл кеңес берді.
Оқушылар қайырымдылық істері жайында айтып беруін сұрады.
-Бұл маған ата-бабаларымнан дарыған қасиет шығар. Өйткені атам да, әкем де біреуге жақсылық жасауға, қисайғанды түзеуге, құлағанды демеуге даяр тұрған екен. Анам тура әкең сияқтысың деп айтып жүретін. Сембек Әбетайұлы ел үшін еткен еңбегімен мақтанатынын, елді көркейтуге үлес қосқанын борышы санайтынын айтып өтті. Кез келген қайырымдылық шараларына үлес қосуының сыры да осында жатса керек.
Іс – шара соңында 10 «В» сынып оқушысы Ганиев Абдульварис өзінің салған картинасын сыйға тартты. Іс – шара жоғарғы деңгейде өтті.