"Адал дүкен"
«Адал дүкені»
Валерий Чкалов атындағы орта мектепте бас ғимараттың 2 қабатында өз-өзіне қызмет көрсету жүйесіне негізделген «Адал дүкені» ашылды. Мұнда оқытушылар өздеріне қажетті тауарларды алып, алынған тауардың ақшасын кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек.Сауда орнының басты ерекшелігі де осында.
Жобаның мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары сананы мен мәдениетті дамыту, сонымен қатар ішкі парасаттылықты, адалдықты тәрбиелеу және бір-бірімізге деген сенімді қалыптастыру. Мұндай жобаны жүзеге асыру жастардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталып отыр.Осылайша, бұл мекен оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ.Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға әсер ететін нысан болып табылады.
«Адал дүкені» ашылуының алғашқы күнінен бастап оқушылар оң пікірлерін білдірді