Өлкедегі ұлттар мен ұлыстар. Облыстық мұражайға саяхат. » Сш им Чкалова
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Чкалов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Өлкедегі ұлттар мен ұлыстар. Облыстық мұражайға саяхат.
07
декабрь
2018

Өлкедегі ұлттар мен ұлыстар. Облыстық мұражайға саяхат.

Тақырыбы: Өлкедегі ұлттар мен ұлыстар
(сыныптан тыс жұмыс)
Мақсаты:
- Туған өлкедегі облыстық мұражай мен археологиялық ашық аспан астындағы мұражайға саяхат жасау;
- Оқушылардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру;
- Қоршаған ортаны қорғауға баулу.
Көрнекілігі: Жамбыл облысының физикалық картасы, Жамбыл облысының көне ескерткіштерінің сызба-картасы.
Жұмыстың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Саяхаттың маршруты бойынша:
а) Облыстық орталық мұражайы
б) Көне Тараз шаһары (Аспан астындағы музей)
3. Қорытындылау
2018-2019 оқу жылының 5 желтоқсан күні туған өлкедегі облыстық мұражай мен археологиялық ашық аспан астындағы мұражайға саяхат жасалды. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жалпақ төбе ауылы Валерий Чкалов атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі Боранбаева Г.Б., сынып жеткешісі Күндібаева Э.А, мектеп медбикесі Абдуллаева Роза жетекшілігімен өлкетану элективті курсы бойынша 7 "А", «Ә» сынып оқушылары үшін «Өлкедегі ұлттар мен ұлыстар» тақырыбында Көне Тараз қаласы мен оның ежелгі сәулет ескерткіштері бойынша арнайы тарихи-танымдық бір күндік саяхат ұйымдастырды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, балаларды Әулиеата жерінің сұлулығымен таныстыру, өлкедегі ұлттар мен ұлыстардың Әулиеата жеріне келуін, олардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары туралы мұражайда сабақ өткізілді. Сабақ барысында мұражайдағы құнды жәдігерлерден басталды. Ресми деректер бойынша әлемде 256 ұлт бар екен. Сол ұлттардың130 дан астамы Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп, тіршілік кешіп жатыр. Міне, осыншама ұлт пен ұлыстың тілін тауып, бірлік пен ынтымақта ұстап отырған бүгінгі билік ұлтаралық татулық пен бірлікті басым саясатының бірі ретінде ұзақ жылдардан бері ұстанып келеді.
Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы этнодемографиялық құрамының өзгеруіне қоныс аудару қозғалысы зор ықпал етті.
Моноэтникалық халқымыз полиэтникалық сипатқа ие болды. Қазақстан халқының көп ұлттық құрамының қалыптасуы XVIғ. басталды. Бұл кезде Ресей өкіметінің қудалауынан қашқан орыстар, украиндықтар, татарлар және басқа ұлттардың өкілдері қазақ еріктілері деп аталатынға бірікті. 1890 жылдары Ресей мен Украинадан келген шаруалардың отарлауы күшейе түсті. Ресейдің әскери және миграциялық экспансиясының барысында салынған бекіністердің негізінде негізін орыстар, украйндықтар және татарлар мекендеген алғашқы отарлық қалалар пайда болды.
1881-1883 ж.ж Қытайдың солтүстік-батысынан 50 мыңдай дүнгендер мен ұйғарлар көшіп келді.
Столыпиндік аграрлық реформаға байланысты көшіп келу ерекше күшейді. XX ғасырдың басында өзбек, ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт,неміс, поляк, мордва, дүнген, тәжік, еврей және т.б ұлттар келді.
1928-1930 ж.ж. ішінде жаңа құрылып жатқан совхоздарға елдің әртүрлі облыстарынан 65 мың отбасы көшіп келді. 1940ж. Украина мен РКФСР-дің жері аз аудандарынан, әсіресе Мордавия, Чувашия, Татарстан жэне басқа республикалардан ерік білдірген шаруаларды ұйымдасқан түрде көшіріп әкелу басталды.
30 ж.ж. ақырында бірсыпыра этностық топтардың жер аудару басталды, олардың бір бөлігі Қазақстанға жер аударылды. 1937 ж. қыркүйек-қазан айларында Қиыр шығыстан корейлер, Азербайжан мен Армениядан 2,4 мыңнан астам ирандық, әзірбайжан, курд, армиян отбасылары Жамбыл облысына жер аударылды.
Соғыс жылдары Қазақстанға көшіп келушілердің тасқыны шұғыл артты. Жаппай жер аударудың қарсаңында, 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 54696 поляк, 3569 латыш, 808 ливан және т.б. тұратын. Елдегі неміс халқының да тағдыры осылай болып шықты. 1941 жылғы тамызда Қазақстанға 349713 неміс көшіріп әкелінді, олардың жалпы саны 441713 болатын. Қалған немістер Қазақстанға 1944-1945 ж.ж. көшіп келді. Мұның үстіне Қазақстанның және елдің басқа жерлерінде жалпы саны 2,5 млн.адам неміс және жапон әскери тұтқындары жұмыс істеді.
Орта Азия мен Қазақстанға 1944 ж. ақпанда-чечен және ингуш халықтары, наурызда-балқарлар, қарашада — месхет-түріктері, қырым татарлары, қарашайлар және басқа халықтар күштеп көшіріліп әкелінді.
1957 ж. чечен жэне ингуш халықтарының автономиялары қайтадан қалпына келтірілгеннен кейін олар Солтүстік Кавказға қайта көше бастады, қарашайлар, балқарлар, қалмақтар ағылып қайтып жатты. Гректердің, месхет түріктерінің, қырым татарларының, поляктардың, корейлердің, Еділ бойы немістерінің бір бөлігі Орта Азия мен Қазақстанда қалды.
1954-1962 ж.ж. тың және тыңайған жерлерді игеру үшін Қазақстанға 2 млн. Жуық адам, олар негізінен елдің Европалық бөлігінен келді. Жұмысшылардың көпшілігі Украинадан, Белоруссиядан, Молдавиядан және Литвадан іріктеп алынды.
Орыстар, татарлар, корейлер негізінен қалада тұратын этностар болып қалды да, қазақтар, немістер,өзбектер, әзербайжандар ауыл селолық этностар болды.
Осындай сан алуан көшіп келу салдарынан өлкеміз 90нан астам ұлт өкілдері бар этникалық бай өлкеге айналды.
Олардың барлығы бүгінгі күнде өлкемізде бірлік пен татулықта мамыражай күн кешуде.
Облысымыздың Өлкетану мұражайында өлкеміздегі өзге ұлттардың тұрмысы мен салт- дәстүрінен сыр шертетін құнды жәдігерлерге толы.

Бекіту сұрақтары:
1. Мұражайда қандай ұлт өкілдерінің жәдігерлері қойылған?
2. Орыс ұлтының музыкалық аспаптарының қандай түрлерін көрдік?
3. Басқа да қандай ұлт өкілдерінің павильондары бар?
Өлкедегі ұлттар мен ұлыстар. Облыстық мұражайға саяхат.
Өлкедегі ұлттар мен ұлыстар. Облыстық мұражайға саяхат.
Өлкедегі ұлттар мен ұлыстар. Облыстық мұражайға саяхат.
Өлкедегі ұлттар мен ұлыстар. Облыстық мұражайға саяхат.
Өлкедегі ұлттар мен ұлыстар. Облыстық мұражайға саяхат.
Өлкедегі ұлттар мен ұлыстар. Облыстық мұражайға саяхат.